Павлодар облысында жол апатынан жолаушы көз жұмды

Павлодар облысында жол апатынан жолаушы көз жұмды
aprk.kz

Павлодар облысында жол апатынан жолаушы қаза тауып, екі адам жарақат алды.

Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

– 7 маусым күні  сағат 6:30-да Аққулы ауылы маңындағы Омбы – Майқапшағай автожолының 12 шақырымында «Ниссан Максима» маркалы автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, аударылып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 1984 жылы туған жолаушы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, – деді облыстық Полиция департаментінде.

1993 жылы туған жүргізуші мен жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Аталмыш фактіге қатысты тексеру жүргізіледі.