Біртановтың адвокаты судьяны процестен шеттетуді сұрады

Біртановтың адвокаты судьяны процестен шеттетуді сұрады

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың адвокаты Нұрлан Бейсекеев судья Ибрагим Әлкеновтің процесті жүргізуіне тағы қарсылық білдірді. Бірақ талабы мақұлданбады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Істе екінші тараптың өкілі ретінде қатысып отырған Асқар Ақбаев – Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі мен Ericsson Nicola Tesla компаниясының арасындағы келісімшартқа қол қойған адамның бірі. Сондықтан ол зардап шегуші тараптың өкілі ретінде емес, куәгер ретінде процеске қатыса алады. Қорғаушы тараптың өтінішін қараған судья бұл талапты қанағаттандырмай тастады.