Қазақстандық азамат 36 000 АҚШ долларын Грузияға алып кетпек болған

Қазақстандық азамат 36 000 АҚШ долларын Грузияға алып кетпек болған

2022 жылғы 12 маусымда Шымкент-Кутаиси халықаралық әуе рейсінде «Әуежай-Шымкент» кеден бекетінің қызметкерлерімен кедендік бақылау кезінде 36 000 АҚШ долларын (15 905 240  теңге) құрайтын қолма-қол ақшаны заңсыз алып өтпек болған Қазақстан Республикасының А. есімді азаматы тоқтатылды.

Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Азаматтың әрекетінде ҚР ӘҚБтК-нің 545-бабында көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар.  

Осы факті бойынша Шымкент қаласының мамандандырылған әкімішілік сотына процессуалдық шешім қабылдау үшін істің материалдары жолданды.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының 2022 жылғы 14 наурыздағы 830 жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әкету күніне белгілеген бағам бойынша есептелген және 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге тыйым салынған.