Атбасар маңынан адамның бөлшектелген мүрдесі табылды – Ақмола облысы

Қанды оқиға кеше Жабай өзенінің жағасында болған. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, күдікті ұсталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда құзырлы орган өкілдері оның кім екенін ашып айтпай отыр. Тіпті айуандықпен өлтірілген адамның тұлғасы анықталса да, ол туралы ақпаратты жариялаған жоқ. Ал әлеуметтік желіде оның қыз бала екені айтылады.

Гүлнәр Пинчук, Облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

– Аталған дерек бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 99-бабы, яғни, кісі өлімі бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ал қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпараттар жария етілмейді.