Бурабай ауданындағы Орлиное гнездо тауында аяғы сынған 53 жастағы әйел құтқарылды

Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Щучье қаласынан келген 2 ересек пен 3 бала Орлиное гнездо тауын бағындырмақшы болған.

Сол кезде 1969 жылы туған әйел құлап, аяғын сындырып алған. «Құтқарушылар зардап шеккен әйелді 400 метр биіктіктегі ұзындығы 2 км болатын таудан зембілге түсіріп, жедел жәрдем көлігіне әкелді», – деді ведомстводан.

Айта кетсек, бұдан бұрын Бурабайдағы Үлкен шабақты көлінде демалушылар үш қызды құтқарып қалғанын жазған едік.