Жамбыл облысының тұрғынынан жарты тоннадан астам марихуана табылды

Жамбыл облысының тұрғынынан жарты тоннадан астам марихуана табылды
рolisia.kz

Жамбыл облысының тұрғынынан жарты тоннадан астам кептірілмеген марихуана табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

7 шілдеде Қарасора-2022 республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданы аумағында пилотсыз ұшу аппаратын пайдалана отырып, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде жабайы сораны жинап жатқан 41 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Полиция қызметкерлері күдіктінің ұсталған орнына жақын маңдағы аумақты тексеру барысында Уля атты қызметтік иттің көмегімен шабылған жабайы қарасораны тауып, тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес, ол жалпы салмағы 517 келі кептірілмеген марихуана есірткі құралы болып шықты.