Павлодарда көлік пен скутер соқтығысты

Павлодарда көлік пен скутер соқтығысты
Kursiv.kz

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

10 шілде күні сағат 21:00-де Малайсары батыр – Қарағанды көшелерінің қиылысында Nexia автокөлігі мен скутер соқтығысқан.

- Салдарынан мотоцикл жүргізушісі ауруханаға жатқызылды. Қасындағы жолаушыға медициналық көмек қажет болды, – деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Көлік айып тұрағына қойылды. Құқық қорғау органдары тексеру жүргізуде.