Қарағаныда роупджампинг нұсқаушысы 4 жылға қамалды

Қарағаныда роупджампинг нұсқаушысы 4 жылға қамалды

Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудандық соты роупджампингтен мерт болған 33 жастағы әйелдің ісіне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сот шешімімен спорт нұсқаушысы 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім шығарарда оның бұрын сотталмағаны, сондай-ақ оқыс оқиға кезінде марқұмның отбасымен бірге болып, ауруханаға дейін барғаны ескерілген. Жазатайым жағдай деген баға беріліп, жеңіл жаза тағайындалған. Сондай-ақ марқұмның анасы мен жарына 6 млн теңге моральдық шығын өндірілмек.

Еске салайық, 10 қазанда Қарағандыда роупджампинг спортына қызыққан 33 жастағы әйел «Созвездие» қонақүйінің төбесінен секіріп, ауыр жарақат алған. Ол ауруханада көз жұмды. 

Манат Жұмақаева, Қазыбек би атындағы аудандық сот судьясы:

– Сот сотталушы Александр Музникасты ҚР ҚК 306-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып, қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде жазасын өтеу туралы үкім кесті. Оған 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады. Үкім сотталушы қамауға алынған күннен бастап есептеледі.