Шымкентте 1,5 млрд теңгенің жалған шот-фактурасын жасағандар сотталды

Шымкентте 1,5 млрд теңгенің жалған шот-фактурасын жасағандар сотталды
Егемен Қазақстан

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаментімен жалпы сомасы 1,5 млрд теңгені құрайтын жалған шот-фактура жазумен айналысқан азаматтар М.А.Ажибаевқа, А.О.Акыновқа және А.Ақынға қатысты қылмыстық іс өндіріспен аяқталып, сотқа жолданған. 

«Сот үкіміне сәйкес, аталған тұлғалар кінәлі деп танылып, түпкілікті мүлкі тәркіленумен кәсіпкерлік және қаржылық қызметімен айналысу құқығынан 7 жыл мерзімге айыра отырып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, сотталған тұлғаның атына тіркелген «Toyota» маркалы автокөлік тәркіленіп мемлекет меншігіне айналдырылды» агенттік таратқан делінген хабарламада.