Бестөбедегі шахтада 23 жастағы жігіт қаза тапты

Бестөбедегі шахтада 23 жастағы жігіт қаза тапты

Ақмола облысының Бестөбе кентіндегі шахтада 23 жастағы жігіт қаза тапты.

Оқиға кеше болған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Мәліметке сүйенсек, Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданының тұрғыны аталған шахтаға заңсыз түспек болған кезде ауыр жарақат алып, сол жерде көз жұмған. Қазір аталған іске қатысты қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптама тағайындалды.