Ақтөбеде арнайы мектеп-интернатта балаларды ұрып-соққан медбике жазаланды

Ақтөбенің қылмыстық істер жөніндегі сотында 30 жастағы медбике «азаптау» бабы бойынша сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған қылмыс көктемде психикалық ауытқулары ауыр балалар тәрбиеленетін мектеп-интернатқа прокурорлық тексеру барған кезде ашылған.

Бейнебақылау камераларынан әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлері өз тәрбиеленушілерін ұрып-соққаны анықталды. Осыған байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Сотта медбике өз кінәсін мойындады. Ол төрт жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.