Қостанай облысында жедел желі іске қосылды

Қостанай облысында жедел желі іске қосылды

Өртке байланысты жедел желі ашылды. Көмекке мұқтаж адамдар 8 7172 533 284, 8 7142 503 624 нөміріне хабарласа алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті атқарушы органдар эвакуацияланған адамдарды Әулиекөл орта мектебі мен Әулиекөл мектеп-интернатына орналастырды. Психологтар көмек көрсетеді. Сонымен қатар халық 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалуға болады. Мұны Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.