Өрт сөндірушілердің жалақысы өседі

Өрт сөндірушілердің жалақысы өседі

Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Дмитрий Титовтың айтуынша, бұл көрсеткіш полиция мен ұлттық қауіпсіздік комитеті мамандарының еңбекақысымен теңестірілмек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ жыл соңына дейін еліміздің өрт сөндіру стансаларында материалдық-техникалық базалардың жабдықталуы 72 процентке дейін жеткізіледі. Титовтың мәлімдеуінше, әрбір техниканың құны 90 миллион теңгеден асады. Сондықтан оны тез арада толық жаңарту мүмкін емес. Соңғы 2 жылда жауапты ведомство 241 өрт сөндіру машинасын сатып алған. Қазір қолданыста барлығы 3 мыңнан астам техника бар.

Дмитрий Титов, ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары:

- Бүгінгі таңда Төтенше жағдайлар министрлігінің материалдық-техникалық жабдықталуы 69 процентке тең. Жыл сайын бюджеттен өрт сөндіру техникасын сатып алуға тиісті қаражат бөлінеді. Бірақ біз қолданатын автоцистерналардың бағасы 90 миллион теңгеден асады. Егер полиция қызметінің көліктерімен салыстыратын болсақ, біздегі техника 8 есеге қымбат. Сондықтан екі ведомствоға бірдей сома бөлінеді дейтін болсақ, біз басқа ведомствоға қарағанда әлдеқайда аз машина сатып аламыз. Осыны ескерген жөн.