Ақтаулық полицейлер ер адамды қорлап, 8 млн теңге бопсалаған күдіктілерді ұстады

Қылмыстық топ 4 адамнан тұрады. Тергеу мәліметінше, олар жәбірленушіні алдап жалдамалы пәтерге әкелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сол жерде электрошокер, дубинка және пышақпен қинаған.  Күдіктілер барлық әрекетін смартфон камерасына түсіріп отырған. Жедел-іздестіру және құрықтау шарасы ҰҚК департаменті қызметкерлерімен бірлесе өткізілді. Белгілі болғандай, топ мүшелері деструктивті діни ағымның өкілдері екен. 

Әйгерім Ибатуллаева, ПД Ішкі және сыртқы коммуникация бөлімінің басшысы:

- Осы дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне 2 бап бойынша тіркелді. Жәбірленушіден ақша бопсалап, заңсыз бас бостандығынан айырған күдіктілерге қылмыстық іс қозғалды. Топ мүшелері уақытша ұстау изоляторына қамалды.