Екібастұзда жылу беріле бастады. LIVE

Екібастұз қаласының тұрғын үйлеріне жылу беріле бастады. Соңғы күндері Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жұмыс бригадалары жөндеу жұмыстарымен айналысып жатыр.

Дәл қазір біздің түсірілім топ Мәшһүр Жүсіп көшесінің 91-ші үйінің жанында тұрмыз. Бұл көпқабатты үй 27 қараша күні жылусыз қалған еді. Сол сәттен бері жөндеу жұмыстары тоқтамаған. Қазіргі уақытта осы жерде Шығыс кен орнының жұмыскерлері жүр.

Алдағы бірнеше сағаттан Мәшһүр Жүсіп көшесінің бойындағы 93, 91 және 89-ші үйлер жылынады. Осы аумақта 14 адамнан құралған бригада жұмыс істеп жатыр.