Елімізде құзырлы органдарға тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 100 мыңға жуық хабарлама келіп түскен

Жыл басынан бері елімізде құзырлы органдарға тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 100 мыңға жуық хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда оның 60 пайызы тіркеуге алынбады. Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті бсқармасы басшысының орынбасары Жасұлан Жұманалин осылай деді. Мәселен, Астана қаласының өзінде 300-ге жуық отбасы өзара келісімге келіп, қалыпты отбасылық өмірге оралған. Жасұлан Жұманалиннің айтуынша, «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясының мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алып, оның жолын кесу. Сондай-ақ, әйелдердің қауіпсіздігіне қатысты құқықтар мен қағидаларды жан-жақты пысықтап, нақты шаралар қабылдау.

Жасұлан Жұманалин, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқармасы басшысының орынбасары:

- Өткен аптада 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында республикалық акция мәресіне жетті. Оған полиция, прокуратура, сот қызметкерлері мен білім беру, денсаулық және әлеуметтік қорғау органдарынан 10 мыңнан астам маман жұмылдырылды. Шара аясында полиция қызметкерлері тұрғындарма түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ішкі істер бөлімінде есепте тұрған тұлғаларды тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеріс жүргізді.