Амангелді Айталы 83 жасында дүние салды

Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Амангелді Айталы 83 жасында дүние салды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол 1939 жылы Астрахан облысы Володар ауданы Бол-дырево ауылында туған.

Жоғары оқу орнын Ақтөбеде оқып, еңбек жолын мектепте орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі болып бастады. Философия ғылымдарының докторы, профессор. Бірнеше ғылыми кітап пен жүздеген ғылыми мақаланың авторы. «Құрмет» және «Парасат» ордендерімен марапатталған.