Қапшағайда көлік суға кетті

Алматы облысында мұз ойылып, көлік суға кетті.

Оқыс оқиға Қапшағай су қоймасында болған. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары мұз бетіндегі көлікті көріп, ескерту жасаған. Бірақ балықшы тыңдамағанға ұқсайды. Сөйтіп, шағын автобус суға батты. Оқиға кезінде көлікте бір ғана адам болған және ол қауіпсіз жерге шығып үлгерген. Енді жүргізуші су қоймасындағы қауіпсіздік ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады.