«Эйр Астана» ұшағында адамдар күйікке шалынды
Air Astana әуе компаниясының №128 рейсінің 7 жолаушысы жарақат алды, күйік шалғандары да бар.
Бұл туралы әуе компанияның корпоративтік коммуникациялар жөніндегі менеджері Тілек Абдрахимов айтты. Ташкент-Алматы бағытындағы әуе лайнері ұшу барысында қатты турбаленттілікке тап болған. Салдарынан ұшақтағы жолаушылар қолайсыздыққа тап болып, дене жарақаттарын алды. Әуе компаниясы өкілінің айтуынша оқиғаның мән-жайы тексерілетін болады.
Тілек Абдрахимов, әуе компанияның Корпоративтік коммуникациялар жөніндегі менеджері:
- Әуе лайнері Алматыға сағат 16:45-те қонды. Ұшақтың экипажы жолаушыларға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Ұшқыштар оқиға туралы әуежай қызметіне хабарлаған. Жедел жәрдем көліктері көмек көрсету үшін әуежайда жолаушыларды күтіп алды. Әуе компаниясы орын алған жағдайға өкінеді. Және рейс жолаушыларына қолдан келген көмекті көрсетеді. Оқиғаның мән жайын құзырлы органдар тексеретін болады.