Жамбыл облысының Сарысу ауданы аумағында дауылға байланысты табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды

Мұнда таңертең желдің екпіні секундына 30 метрге дейін жетіп, дүниенің астаң-кесеңі шыққан.

Жаңатаста 20 электр бағанасы құлап, “Жаңатас СуЖылу" мекемесіне жарық жетпей қалды. Салдарынан, “Шахан" қосалқы станциясында жылыту қондырғысы суып кеткен. Сөйтіп, жылумен жабдықтау жүйесінен суды ағызу туралы шешім қабылданды. Әзірге желдің жоғары жылдамдығы оларды қалыпқа келтіруге мүмкіндік бермей тұр. Қазір жергілікті биліктің ұйымдастыруымен үш мектепте жылыту пунктері дайындалып, тамақ жеткізілді. Жылу - электр желілерін қалпына келтіргеннен кейін берілмек.