Жаңатаста 20 мыңнан астам тұрғын жарықсыз қалды

Ауа райының қолайсыздығынан Жаңатаста, 20 мыңнан аса тұрғын жарықсыз қалды.

Жоғары кернеулі электр желілері бірнеше жерден үзілген. Жарық тарататын 70-тен аса бағана құлады.Салдарынан жылу қазандықтары істен шығып, 527 нысан жылуыз қалды. Олардың 97-сі көпқабатты үй. Жарық сөнгеннен кейін,  «Бүркітті» және «Көкбұлақ» су қамту орталықтарының жұмысы тоқтатылды. Су тек таңертең және кешкісін екі сағатқа ғана беріледі. Жаңатаста 4 жылыту пункті жасақталып, ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп жатыр. Қаладағы наубайханалардың істен шығуына байланысты, Тараз қаласынан 10 мың бөлке нан жеткізу жоспарланған. Құтқарушылар мен полицейлер жолда қалғандарға көмек көрсетіп, қираған нысандарды қалыпқа келтіруде.

Асхат Әлметов, Сарысу аудандық полиция басқармасының бастығы:

- 17 автокөлік құтқарылды. Оның ішіндегі азаматтар өзіміздің 10-нан астам кәмелетке толмаған. Үш үлкен камазбен және өзімен бірге 25 қызметкер осы ауданға көмекке келген болатын. Және де өзіміздің үлкен камаздар көлікпен осы ауданға қала орталығынан нан және де басқа да көмектер жасалып жатыр. 

Айта кетейік, халқы жарықсыз, жылусыз қалған Жаңатаста кешелі бері, қар тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазір қаладағы негізгі 27 көше қардан аршылды.