Франкфурт-Астана рейсінің ұшағы Бакуге қонуға мәжбүр болды

Франкфурт-Астана рейсінің Lufthansa ұшағы тұманға байланысты Баку әуежайына қонуға мәжбүр болды.

Бортында 123 жолаушы бар ұшақ сағат таңғы 06:58-де Бакуге қонған. Екі сағаттан кейін Франкфурт қаласына әуе рейсі ұшты.