Қазақстан мен Ресей азаматтарынан құрылған топ әрекетінің жолы кесілді
Байқоңыр қаласында Қазақстан мен Ресей азаматтарынан құрылған қылмыстық топ әрекетінің жолы кесілді.
Арнайы операция барысында сондай-ақ, бір мезетте Астана, Қызылорда, Қонаев қалаларында ұйымдасқан қылмыстық топтың 18 белсендісі ұсталды. Олардың адам ұрлауға, бопсалауға, қарақ-шылық шабуыл жасауға, және ұрлыққа қатысы бары анықталды. Қару-жарақ, ақша және өзге де, зат-тай айғақтар тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу аясында ұсталғандардың өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Айта кетейік, бірлескен арнайы операцияны еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі, Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі ұйымдастырды.