БҚО-да жол апатынан 2 адам көз жұмды

БҚО-да жеңіл көлік көпірден құлап, 2 жолаушы мерт болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқыс оқиға Ақжайық ауданы Алғабас ауылдық округі аумағында тіркелді. Куәгерлердің айтуынша, сол күні қатты көктайғақ болған. Сырғанап кеткен «Lada Vesta» автокөлігі жол шетінде аударылып, кейін «Бударин» су арнасына түсіп кетеді. Жол-көлік апаты салдарынан 1961 жылы туған жолаушы әйел оқиға орнында көз жұмды. Түрлі жарақат алған  апалы-сіңлілі екі әйел Оралдағы қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Өкінішке қарай, біреуі жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Полиция жол апатының қалай болғанын анықтап жатыр. Ал ауруханаға жеткізілген екінші әйелдің жағдайы дәрігерлердің бақылауында.

Гүлсім Шәріпова, Көпбейінді аурухананың бөлім меңгерушісі:

- Жол апаты кезінде ол кісі машинада су ұрттап, сондықтан ол кісі аспирационная пневмония белгісімен келіп түсті. Бір тәуліктей жансақтау бөлімінде болып, бүгін бөлімшеге аударылды. Қазіргі таңда жағдайы тұрақталды, емін алып жатыр.