Оралда көліктен 4 адам өлі күйінде табылды
Оралда автокөліктен 4 адам өлі күйінде табылды.
Оның бірі 17 жастағы бойжеткен және онымен құралпы екі бозбала, сосын 19 жастағы тағы бір жігіт. Қайғылы жағдай бүгін таңертең Зашаған кентінің "Сартау" шағын ауданында жеке үйдің гаражында болған. Полиция берген мәлімет бойынша өлімнің алдын ала себебі көміртегі тотығынан улану. Айта кету керек, Оралда соңғы күндері ауа температурасы 26 градусқа дейін төмендеп, қатты аяз болып тұр. Оқыс оқиғаның да себебі осы күннің суықтығына байланысты болуы мүмкін.