Абай облысында КамАЗ жүргізушісі 6 күн көлікте түнеген
Автоцистарна тіркеген Камаз жүргізушісі 6 күн көлікте түнеді.
Ауыр техника жол бойында, қарға батып қалған. Жүргізуші көлігіне алаңдап, эвакуациядан бас тартқан. Ал айдалада жатқан Камазға тек 6 күннен соң ғана көмек жетті. Өйткені арнайы техника болмаса, сүйреп шығару мүмкін емес еді. Ал көлік Аягөз қаласынан 40 шақырым жерде қалған. Абырой болғанда, тыңайтқыш тасымалдайтын көлікте қауіпті зат болмаған. Жүргізуші химиялық сұйықтықты жеткізіп тастап, қайтып келе жатқанда қарға батқан.
Виталий Шерстобаев, жүргізуші:
- Төтенше жағдай қызметкерлері мені жылы орынға апармақшы болды. Алайда көлігімді тастап кете алмадым. Бүгін міне жол полициясы мен төтенше жағдай қызметінің жігіттері жәрдемдесті. Алғысым шексіз.