Атырауда 5 адам газдан уланды
Бүгін Атырау қаласының іргесіндегі Водников-2 ауылының 5-көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің бірінде 5 адам табиғи газға уланып қалған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ас бөлмедегі газ плитасынан газ кетіп, 1980 жылы туған үй иесі мен 4 баласы жедел ауруханаға жеткізілді. Ақхалаттылар балалардың жағдайы жақсы екенін айтып, үйлеріне шығарған. Ал анасы әлі дәрігерлердің бақылауында. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары сақтық шараларын қатаң сақтауды ескертеді.