Алматыда ер адамнан 100 келі есірткі заты тәркіленді
Алматыда Алатау ауданындағы жер үйлердің бірінде арнайы есірткі зертханасы анықталып, оның өндірісімен айналысқан 32 жастағы ер азамат ұсталды.
Ол үйді жалға алып, есік алдындағы сарайдан есірткі зертханасын ашқан. Жергілікті Полиция департаменті жүргізген Арнайы операцияның нәтижесінде, зертханадан 100 килограмм есірткі шикізаты мен түрлі синтетикалық препараттар тәркіленді. Қазір күдіктінің сыбайластарын анықтау бойынша жедел тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.