Қарағанды облысында темір жолда тағы апат болды
«ТЭМК» акционерлік қоғамына қарасты кірме жолдардың бірінде 7 вагон көмір тиеген составтың жартылай вагондарының бірі шойын жолдан шығып кетіп аударылған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Салдарынан бір жұмысшы оқиға орнында қаза тапты. Қайғылы оқиға Сұрыптау - Ағадыр жолының Құлайғыр станциясымен түйісетін жерінде болған. Қазіргі уақытта апаттың нақты неден шыққаны анықталып жатыр. Арнайы комиссия құрылған.