Шардарадағы үйде газ баллонның жарылысынан әйел адам қаза тапты
Түркістан облысы Шардара ауданында жеке тұрғын үйде жарылыс болды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқыс оқиғадан бір әйел қаза тапты. Құтқарушылар марқұмды қиранды астынан алып шыққан. Алдын ала болжам бойынша газ баллоны жарылып, үйдің шатыры опырылып түскен. Құтқарушылар келгенге дейін көршілері қиранды астынан екі баланы алып шыққан. Олар ауруханаға жеткізілді. Қандай жағдайда екені әзірге белгісіз. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары арнайы техникамен жұмыс істеп жатыр.