Таразда «Ақсай» базары өртеніп жатыр
Таразда Ақсай базары өртеніп жатыр. Екі қабатты сауда орны Әл-Фараби көшесінде орналасқан.
Бұл орталықта негізінен лезде тұтанатын, тігін құралдары, мата, көрпе, перде сияқты заттар саудаланады. Қазірдің өзінде өрт аумағы мың шаршы метрден асып кетті. Қала ішін, қара түтін басқан. Оқиға орнында 38 өрт-сөндіруші 10 техника жұмыс істеп жатыр. Өрттің неден шыққаны белгісіз. Тілсіз жауамен арпалыс жалғасып жатыр. Зардап шеккендер туралы ақпар жоқ.