Бейнеудегі полиция бөлімі бастығының орынбасары парамен ұсталды

Полиция қорғаның болғанымен бұл салада да шикіліктер шығып жатады.

Маңғыстау облысының Бейнеу аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары пара алып ұсталды. Лауазымды тұлға шетел азаматынан 300 АҚШ долларын талап еткен. Прокуратура қараған істе тәжікстандық ер адамға тиесілі жүк көлігінен есірткіге ұқсас ұнтақ зат табылғаны жазылған. Алайда сараптама қорытындысы бұл жайтты теріске шығарды. Қылмыстық құрамның жоқтығына қарамастан полицей істі тоқтату үшін жәбірленушіден ақша талап еткен. Енді заң алдында жауап береді.