Ақмола облысында қар құрсауынан адамдар құтқарылды

Ақмола облысында қар құрсауынан 3 адам құтқарылды.

Жергілікті ауылдың тұрғындары балық аулауға шығып, көліктері жолда қар үйіндісінде батып қалған екен. Азаматтарды тәртіп сақшылар кездейсоқ тауып алған. Полицейлер маңайдағы шаруа қожалықтарын тексеріп жүргенде қарға батқан көлікті байқаған. Машинаны шығарысуға көмектесіп, балықшыларды аязды күні құтқарып алған екен. Абырой болғанда, ешкімге медициналық көмек қажет болмады.