Тасөткелде екі балықшы суға кетті
Тасөткелде екі балықшы суға кетті. Бұл Жамбыл облысы Шу ауданындағы су қоймасы.
Балықшылар жағалаудан 50 метрдей ұзап барып, ойыққа қармақ салған. Кенеттен мұз жарылып, екеуі де су астына кеткен. Құтқарушылар бір адамның сүйегін көп ұзамай тапты. Ал екіншісін жарты күн іздеген. Марқұмдардың бірі 72 жастағы Шу қаласының тұрғыны екен. Екіншісінің кім екені анықталып жатыр.