Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпар жоқ
Сағат 15:00-дегі жағдай бойынша Анадолы еліндегі дипломатиялық миссияның жеткізген хабары – осы. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады.
«Табиғи апат кез келген мемлекетте болуы мүмкін. Сондықтан отандастарымыз шетелге сапар шеккенде міндетті түрде Қазақстанның сол елдегі консулдықтары мен елшіліктеріне хабар беруі тиіс. Сол кезде ғана дипломатиялық миссия өкілдері елден жырақта жүргендерге көмектесе алады», - деді Айбек Смадияров.
Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:
- Қазіргі таңда консул Түркияның төтенше жағдайлар бойынша басқармасымен тікелей байланыста. Қаза болғандар мен зардап шеккендердің арасынан Қазақстанның азаматтары табылған жоқ. Айта кетерлік жағдай, жер сілкінісі өте мықты болған. Сондықтан әлі де құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ақпарат тексеріліп тұрады.