Қазақ-қытай шекарасында жер сілкінді

Қазақстанның Қытаймен шекарасында 4,7 балдық жер сілкінді.

Жер асты дүмпулері бүгін таңғы 8:45-те тіркелді. Сейсмикалық аумақ Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 375 шақырым қашықтықта Қытай аумағында орналасқан. Осымен бір тәуілікте елімізде жер сілкінісі екінші рет тіркеліп отыр. Бұған дейін, 6-ақпанда Шымкентте магнитудасы 5,4 болатын дүмпулер байқалды.