Петропавлда мектепке балтамен келген оқушы қатарластарын жаралады
Петропавл қаласында 9-сынып оқушысы өзі оқитын мектепке балта мен пышақ әкеліп, қатарластарын жарақаттады.
Оқыс оқиға бүгін таңертең номері 4 орта мектепте болған. Білім басқармасы басшысының айтуынша, күдікті суық қаруды сабаққа дейін алып өткен. Қазір зардап шеккен 2 бала ауруханада. Тағы біреуіне алғашқы медициналық көмек көрсетіліп үйге жіберілді. Ал қалғандарын ата - аналары алып кетті. Қазір мектепте тергеушілер жұмыс істеп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды.
Назир Жәшібеков, облыстық білім басқармасының басшысы:
- Болжам бойынша күдікті пышақ пен балтаны сөмкесіне салып әкелген. Балалардың сөмкесі тексерілмейді. Оған ешкімнің құқығы жоқ. Қалғанын тергеу анықтайды.