Жаңатаста қарулы топ ұсталды

Полиция Жаңатас қаласының қақ ортасында мұздай қаруланған күдіктілерді ұстады.

«Mercedes» маркалы жеңіл көлікті тоқтатқан кезде,  26 жастағы жүргізуші қарсылық көрсетіп, қаша жөнелген. Көп ұзамай жол жиегінде тұрған өзге көлікті соғады. Сыртқа шығармақ болған полиция қызметкерін қоса сүйреп ала жөнелген. Көлікті тоқтату үшін полицейлерге қару қолдануға тура келді. Жүргізуші мен жанында болған 3 күдікті қашып үлгірген. Бірақ көп ұзамай барлығы ұсталды. Көлікті тінтігенде екі мылтық пен бір тапанша және бронды жилет тәркіленді. Оған қоса асхана пышағы мен газды-дыбысты граната табылды.