Қостанай облысында қолдан ішімдік өндіргендер анықталды
Қостанай облысында қолдан алкоголь өнімдерін жасаған кәсіпкерлердің ісі әшкере болды.
Олар бір жылдан бері көлеңкелі бизнеспен айналысқан. Заңсыз ішімдікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің цехында дайындаған. Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлерінің айтуынша, олар салықтан жалтарудың амалын жасаған. Тергеушілер қолдан жасалған алкоголь өнімдерін өткізген орындарды да анықтады. Тінту барысында өндіруші зауыт туралы мәліметтері жоқ шарап өнімдерінің зат таңбалары табылған.
Көркем Бектасова, Қостанай облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің жедел уәкілі:
-Сондай-ақ жалған есепке аду, бақылау маркалары бар 2838 бөтелке алкоголь өнімі тәркіленді. Осы факт бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 233-бабы бойынша сот алдындағы өндіріс қозғалды.тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жартялауға жатпайды.