Ақтөбе облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты
Ақтөбе облысында жантүршігерлік көлік апаты болып, 4 адам көз жұмды.
Қайғылы оқиға Самара-Шымкент тас жолының 938-шақырымында болған. Mitsubishi маркалы машина, жолдың қарсы бетіне шығып Volvo жүк көлігімен соқтығысқан. Полицейлердің дерегіне сәйкес джипті 29 жастағы әйел адам басқарыпты. Жүргізуші Әйтеке би аудандық ауруханасына жатқызылды. Ал оның 31 жастағы жұбайы мен 2015, 2017 және 2020 жылы дүниеге келген 3 баласы, алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Бұл дерекке қатысты полицейлер қысмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеп-тексеруге кірісті.