Қазақ-қырғыз шекарасынан заңсыз өткендер ұсталды

Жамбыл облысында қазақ-қырғыз шекарасын заңсыз кесіп өткен Пәкістанның 9 азаматы ұсталды.

Олар алдымен жаяу Шу өзенінен өткен. Шетелдік азаматтарды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі мен меркілік полицейлер Гранитогорск ауылы маңынан ұстады. Тергеу барысында пәкістандықтардың Қазақстан арқылы Ресейге, одан әрі жұмыс істеу мақсатымен Беларусь республикасына өтуді жоспарлағаны белгілі болды. Қазір күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Арман Тұрдалиев, облыстық ПД көші-қон қызметі басқармасының басшысы:

- Соттың шешімімен 1000 АЕК немесе 1 жылға дейін бас бостандықтан айыру жазасы көрсетілген. Қылмыстық коддекстің 392-бабы бойынша және де 5 жылға Қазақстан Респуликасына кіре алмайды.