Алматы облысында 2 үйді топырақ басып қалды
Алматы облысындағы Бесағаш ауылында 2 үйді топырақ басып қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жауын-шашыннан кейін батпақтанған топырақ тау баурайынан сырғып, үйлерге қарай жылжыған. Үйдің сыртындағы бетон тіреуіш қоршаудан асып түскен топырақ баспана ішіне кірді. Тағы бір үйде батпақтың салмағынан қабырға жарылып кетті. Үй иелері аман. Түскен топырақтың болжамды көлемі 360 текше метрді құрайды. Оқиғаның нақты себептері мен келтірілген шығынды анықтау жөнінде комиссия құрылды.
Айдос Аманқажыұлы, Талғар аудандық ТЖБ басшысы:
- Мына оныншы үйдің терезесі сынып, ішке қаратай топырақ түскен. Қазіргі уақытта аудан әкімінің бұйрығымен 2 техника бөлініп, топырақты шығару жұмыстары орындалып жатыр.