Павлодарда мұз үстіндегі бір топ жасөспірім қауіпсіз жерге шығарылды
Павлодарда мұз үстінде жүрген бір топ жасөспірім қауіпсіз жерге шығарылды.
Жағадан ұзап кеткен балаларды бірінші болып құтқару жасағы байқаған. Олар түсіндіру жұмыстарын жүргізген соң бес баланы полиция қызметкерлеріне табыс етті. "Қазір өзенге бару өте қауіпті", - дейді мамандар. Мұздың қалыңдығы жарты метр болғанның өзінде адамның салмағын көтере алмай жарылып кетеді. Мұның соңы қайғылы жағдайға әкеп соғатыны белгілі. Сондықтан құтқарушылар қауіпсіздік шараларын естен шығармауға шақырады.
Cерік Шериязданов, жедел құтқару жасағы басқармасы басшысының орынбасары:
- Енді қазір осы Павлодар қаласының тұрғындары, облыс тұрғындарынан өтініп сұрайтынымыз мына әсіресе әуесқой балықшылар бізде көп. Мына Усолка су айдынында отырады, затонда отырады. Одан кейін ата-аналардан өтініп сұрайтынымыз балалармен күнделікті мұздың үстіне шығуға болмайтын және өте қауіпті екенін айтып отыруларын сұраймыз.