Ақтөбе облысындағы жолаушылар пойызы локомотивпен соқтығысты
Ақтөбе облысындағы Бершүгір теміржол бекетінде «Бішкек-Самара» бағытындағы жолаушылар пойызы локомотивпен соқтығысты.
Салдарынан жолаушылар құрамының тепловозы мен бір вагоны рельстен шығып кетті. Оқиға сәтінде пойызда болған 200-ден астам жолаушы басқа вагондарға көшірілді, зардап шеккендер жоқ. Апаттың мән-жайын анықтау үшін жедел штаб құрылды.