Ақтөбе облысында жасөспірімдер жол апатына түсті
Ақтөбе облысында жасөспірімдер мінген көлік аударылып, қыз бала жан тапсырды, деп хабарлайды «Хабар 24».
4 ұл ауруханаға түсті. Оқиға Шалқар мен Бозой аралығында болған. Toyota Land Cruiser жасөспірімдердің бірі ағасынікі екен. Полиция қызметкерлерінің хабарлауынша, бала рөлге ие бола алмай, аударылып қалған. Қазір ауруханаға түскендердің бірі жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайы нашар екенін айтады. Ал 15 жастағы 2 жасөспірім Шалқардан Ақтөбеге жеткізілген. Бірінің жарақаты жеңіл болғандықтан, тексеруден соң үйіне жіберілген.
Нариман Мұхтаров, Шалқар аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары:
- Облыстық маңыздағы «Шалқар-Бозой» тасжолының 4-ші шақырымында кәмілеттік жасқа толмаған тұлға Toyota Land Cruiser басқарып келе жатып, көлік тізгініне бола алмай аударылған. Соның салдарынан автокөлік ішінде болған 1 кәмілет жасына толмаған бала оқиға орнында қаза болып, ал 4 бала әртүрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға түсті.