Қарағанды облысында қырық адам ұсталды
Қарағанды облысында Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің бірлескен арнайы операциясы өтті.
Шара барысында 40 адам ұсталды. Сонымен қатар, операция кезінде 9 атыс қаруы, 200-ге жуық оқдәрі, құжаттар мен арнайы техникалық тыңдау құралдары тәркіленді. Қоғамдық тәртіпті бұзғандар арасында күзет ұйымдары мен құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері де бар. Тексеру кезінде олардың “АрселлорМиттал Теміртауда” ұрлық жасағаны анықталды. Топ мүшелерінің арасында аса ауыр қылмыстарға қатысы бар күдіктілер де бар.