Ақтөбе облысында болған жол апатынан тағы бір бала қайтыс болды
Ақтөбе облысында жол апатына түскен көлікте болған тағы бір қыз бала көз жұмды.
Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасының өкілдері хабарлады. 2008 жылы туған жасөспірім ауруханаға өте ауыр халде жеткізілген еді. Әзірге анықталғаны, көлікте тоғызыншы сыныпта оқитын 5 жасөспірм болған. Олар мінген "Тойота Ленд Крузер" маркалы машина балалардың бірінің әкесінкі екен. Жасөспірімдер Шалқар қаласынан 4 шақырым жерде аударылып қалған. Салдарынан оқиға орнында бір қыз бала қаза тапса, төртеуі аудандық аурухана түскен. Кейін бірі үйіне жіберіліп, екеуі Ақтөбеге жеткізді.
Бақыт Түлкібаева, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
- Бүгінгі күнге жалпы жағдайлары екі баланың орташа. Травмотология бөлімінде ем алуда. Барлық диогностикалық зерттеулер мен хаттамаға байланысты емдік іс-шаралар жүргізілуде.
Ардана Саймағамбетов, жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы:
- Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша ҚР-ның 345-бабының 4-тармағы бойынша қозғалып тұр. Әрі қарата тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жылдамдық мәселесі бойынша осының бәріне сараптама тағайындалып тұр. жол көлік оқиғасынан кейін қарағанда жолдың бойында кюветте жатты.