loader


«Qnet» қаржы пирамидасын құрған тағы бір күдікті ұсталды

Алматыда "Qnet" қаржы пирамидасын құруға қатысты тағы бір күдікті ұсталды.

Ол азаматтардан ақша жинап, біреуінің жарнасы есебінен екіншісін табысқа кенелтуді уәде еткен. Сондай-ақ, жеке тұрғаларды үгіттеу үшін қаржы пирамидасының қызметін желілік маркетинг деп таныстырған. Күдікті 2 айға қамауға алынды. Қаржылық мониторинг агенттігі мұндай пирамидаларды жою бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастыруда.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

- Бірқатар шет елдерде "Qnet" компаниясы қаржы пирамидасы болып танылды. Сондай-ақ оны ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы пирамидасының белгілері бар компаниялар тізіміне енгізді.