Қостанай полициясы есірткі сатушыларды ұстады

Қостанай полициясы есірткі сатушыларды ұстады.

39 жастағы ер адамның көлігін тінту кезінде төрт келі гашиш пен марихуана табылды. Күдікті улы заттарды елдің оңтүстігінен әкеліп облыс аумағында сатпақ болған. Ал 28 жастағы Қостанай қаласының тұрғыны көппәтерлі үйдің бірінде психотропты затты жасырған жерінен қолға түсті. Тәркіленген есірткінің салмағы 119 грамнан асады. Қазір күдіктілер абақтыға қамалды. Есірткі құралдарын заңсыз дайындау, тасымалдау бойынша тергеу басталды.