Жамбыл облысында синтетикалық есірткі сатқандар ұсталды

Жамбыл облысының Байзақ ауданында синтетикалық есірткі дайындап оны 3 ай бойы сатып келгендер ұсталды.

5 адам жасырын цехта "мефедрон" жасаған. Оның 34 келісі тәркіленді. Жалпы кейінгі 3 жылда өңірде есірткіге қатысты мың жарымға жуық қылмыстық іс тіркелген. 60-тан астам нашақор қылмысқа барса, есірткіні шамадан тыс пайдаланған 28 адам қайтыс болған. Осы өткен жиында көкнәрді медицинаға пайдалану жайы да талқыланды.

Сержан Әбдіқұлов, облыс прокурорының аға көмекшісі:

- Арнайы жоспарда нақты көрсетілген. Психотропты дәрі-дәрмектерді аптекаларда сату қатты қадағаланатын болады. Мәжбүрлеп емдеу орындарында емделуге түсетін тұрғалардың бәріне, оларды емдеу жұмыстарын жасау. Негізінен жобаның өзі бұл жерде жалғыз құқық қорғау органдарының атқаратын жұмысы ғана емес барлығы жұмылып жергілікті атқарушы органдарының да атқаратын жұмысы болып отыр.